№44 «Үркер» балабақшасы

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

Алғыс хаттар

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК: «ҚҰНДЫЛЫҚ. ТҰЛҒА. БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

Астана қаласында өткен «ҚҰНДЫЛЫҚ. ТҰЛҒА. БОЛАШАҚ» атты халықаралық педагогикалық форум аясында білім беру саласының үздік өкілдері марапатталды.
Аталған айтулы шараға қатысып, көрме барысында өзінің озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Абежанова Алма Алимжановна арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
 
Бұл марапат — ұстаздың кәсіби біліктілігі мен заманауи педагогикалық әдістерді дамытуға қосқан үлесінің айқын дәлелі. Алма Алимжановнаны кезекті жетістігімен құттықтаймыз!

2025 жылдың 12 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған «Ертегілер театры» қалалық байқауының қорытындысы бойынша біздің балабақшаның тәрбиеленушісі Өмірбек Айзере және жетекшісі Абежананова Алма Алимжановна II дәрежелі дипломға ие болды.

Байқау мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық қабілеттерді дамытуға, сахналық өнер мен ертегі әлемі арқылы балалардың қиялын, сөйлеу мәдениетін және эмоционалдық интеллектін қалыптастыруға бағытталған.

№44 «Үркер» балабақшасының ұжымы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосқан еңбегі үшін құттықтайды! Осындай жетістіктер – біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын!

№44 «Үркер» балабақшасының тәрбиеленушісі Аманкелді Бегалы республикалық конкурс жеңімпазы атанды!

«Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымы ұйымдастырған 514-бұйрық негізіндегі жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы: жыл мезгілдері» республикалық конкурсында №44 «Үркер» балабақшасының тәрбиеленушісі Аманкелді Бегалы II дәрежелі диплом иегері болды!

Жетекшісі: Смайлова Жайна Қадырбековна

Бұл конкурс балалардың шығармашылық қабілеттерін, сурет салу шеберлігін және жыл мезгілдерінің сұлулығын бейнелеу қабілетін дамытуға арналған.

Балабақша ұжымы Бегалыны және жетекшісін шын жүректен құттықтайды! Балаларымыздың таланты жарқын болсын!

2025 жылдың 15 қаңтарында Астана қаласының «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған «Зерттеу жұмысы» қалалық конкурсында №44 «Үркер» балабақшасының тәрбиешісі Казбекова Назира Ермековна қатысқандығы үшін сертификатпен марапатталды.

Конкурс мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, педагогтері және әдіскерлерінің зерттеу жұмыстарына арналған. Бұл – педагогтардың кәсіби дамуына, балалардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.

Балабақша ұжымы Назира Ермековнаны шын жүректен құттықтайды! Сіздің еңбегіңіз балалардың жан-жақты дамуына зор үлес қосады. Алдағы жетістіктерге тілектеспіз!

№44 «Үркер» балабақшасының тәрбиеленушісі Асанова Аммар Арсенқызы грамотамен марапатталды!

Астана қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында жол жүру ережесі бойынша өткен қалалық «Брейн-ринг» байқауында №44 «Үркер» балабақшасының тәрбиеленушісі Асанова Аммар Арсенқызы грамотамен марапатталды!

Жетекшілері:

  • Утегенова Айгерим Омырбековна
  • Орынбекова Мадина
  • Орынбасаровна Жандильдина Акерке Адилжанқызы

Бұл байқау балалардың жол жүру ережелерін білуін, шапшаңдық пен зейінділігін дамытуға арналған дәстүрлі қалалық сайыс. Біздің бүлдіршіндеріміздің белсенді қатысуы мен жетістігі – ұжымның ортақ еңбегінің жемісі!

Аммарды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Балаларымыздың білімі мен қауіпсіздігіне қосқан үлестеріңіз үшін рақмет!

«Бестемше» аудандық 1 ші орын

«Бестемше» Республикалық ата-аналар арасында 2 ші орын

«Бестемше» Республикалық 3 ші орын

«Бестемше» Қалалық 1 ші орын

«Жұлдызды жол» аудандық 1 ші орын

 

«Жұлдыздық жол» қалалық 2 ші орын

Әділхан Мардан қалалық «Бестемше» байқауында 1-орын иеленді

«Ертегілер елінде» байқауында ІІ-орын!

2025 жылы Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен және Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” мен әдіскерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған “Ертегілер елінде” байқауы өтті.

Біздің балабақшамыздың Мектепалды топтарының бүлдіршіндері осы байқауға қатысып, өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде, балаларымыз жүлделі 2-орынға ие болды!

Бұл жетістік – бүлдіршіндердің, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Балаларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

👏 Біз сіздермен мақтанамыз! 🎉

«Брейн-ринг» қалалық сайысында ІІ орын!

 

«Ертегілер елінде» байқауындағы жеңісіміз!

2024 жылдың 24-25 қаңтар күндері Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен және Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” мен әдіскерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған “Ертегілер елінде” байқауы өтті.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Біздің балабақшамыздың Мектепалды “Қарлығаш”, “Гүлдер”, “Айгөлек” топтарының бүлдіршіндері осы байқауға қатысып, өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде, балаларымыз жүлделі 3-орынға ие болды!

Бұл жетістік – бүлдіршіндердің, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Балаларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

👏 Біз сіздермен мақтанамыз! 🎉

«Жолда жүру ережесі» байқауындағы жетістігіміз!

Қаңтар айында өткен «Жолда жүру ережесі» байқауында біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері ерекше белсенділік танытты. Байқаудың мақсаты – балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйрету, жауапкершілікті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Мектепалды «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болды!

Бұл жеңіс – тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегі мен бүлдіршіндердің ынтасының жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда әлі талай жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр деп сенеміз.

Балаларды дайындаған
Тәрбиеші: А.О.Утегенова
Дене шын. нұсқаушысы: М.О.Орынбекова
Муз. жетекші: Н.Б.Қайырбекова

#жолсақшылары
#жасинспектор
#жолдажүруережесінбілеміз

Прокрутить вверх