№44 «Үркер» балабақшасы

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

Құрметті ата-аналар!

№44 "Үркер" балабақшасына қош келдіңіздер!

Біздің мектепке дейінгі мекеме 1969 жылы құрылған. 2010 жылдың шілде айынан бастап балабақша болып жұмыс жасайды.

2 жастан 6 жасқа дейінгі, 9 топта тәрбиеленетін 250-ден астам бала бар:

  • өз жұмысын жақсы көретін білікті педагогикалық команда;
  • инновациялық бағдарламалар мен әдістер, оларды енгізу сіздің балаларыңыздың тиімді физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, моральдық және эстетикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді;
  • баланың психологиялық тұрақтылығы мен эмоционалдық дамуы;
  • ата-аналардың әрқайсысына құрметпен қарау.

Балабақшаның инновациялық жобасы: «Балабақшадағы ойындар кейсі»

Авторлық әдістемелік ойындар жинағы арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты:
Балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қасиеттерін ашуға, қоршаған ортаны тануға және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

  • Танымдық қызығушылықты арттыру: Балалар заттардың қасиеттерін зерттейді және таниды. Ойындар арқылы жаңа білімдерді меңгереді, әлемді танып-біледі.
  • Шығармашылық және қиялды дамыту: Ойындар балалардың қиялын оятады, өз ойларын еркін жеткізуге және шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған.
  • Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру: Топпен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, өзара сыйластықты үйрену.

Эксперименттік алаң тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың инженерлік ойлауы мен зерттеушілік мінез – құлықтарын ойын арқылы дамыту»

Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық, әлеуметтік-зияткерлік, зерттеушілік және көркемдік-эстетикалық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Балаларды инженерлік кәсіптің пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңыздылығын және еліміздегі бұл сала мамандарына деген сұранысты ойын арқылы түсіндіру;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың идеяларын кеңейтуге бағытталған инженерлік мамандықтарға қатысты элементтермен дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны толықтыру;
  • Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту: білу, ойлау, тәжірибе жасау, сөздік қорын байыту.

Кабинеттермен жабдықталған:

Дене шынықтыру – 1
Музыкалық зал – 1
Логопед кабинеті – 1
ТапқырBox орталығы – 1
Психология кабинеті – 1
Құм терапиясы кабинеті – 1
Тұзды үңгір кабинеті – 1
Робототехника кабинеті – 1

Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!

❤️
Прокрутить вверх