Балабақшаға ваучер туралы ақпарат (Indigo 24)
Ваучер — бұл балаға мектепке дейінгі ұйымнан орын берілгенін және мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру бекітілгенін растайтын электронды құжат.
Ваучер ата-ана баласын мектепке дейінгі ұйымға кезекке тіркегеннен кейін, кезегі келгенде және балабақшаны таңдаған соң Indigo 24 жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Ваучердің мақсаты:- Балаға балабақшадан орын бекіту;
- Мемлекеттік қаржыландыруды нақты балаға бағыттау;
- Баланы қабылдауды заңды түрде рәсімдеу.
- Жүйеде балабақшаны растауы қажет;
- Белгіленген мерзімде балабақшаға құжаттарды тапсыруы тиіс;
- Ваучер мерзімінде расталмаса, ол күшін жояды.
Ваучер расталған жағдайда бала мектепке дейінгі ұйымға мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданады.
Пайдалы сілтеме:
Мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру және ваучер алу жүйесі: https://indigo24.kz
Мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру және ваучер алу жүйесі: https://indigo24.kz