№44 «Үркер» балабақшасы

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

«Ертегілер елінде» байқауындағы жеңісіміз!


2024 жылдың 24-25 қаңтар күндері Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен және Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” мен әдіскерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған “Ертегілер елінде” байқауы өтті.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Біздің балабақшамыздың Мектепалды “Қарлығаш”, “Гүлдер”, “Айгөлек” топтарының бүлдіршіндері осы байқауға қатысып, өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде, балаларымыз жүлделі 3-орынға ие болды!

Бұл жетістік – бүлдіршіндердің, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Балаларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

👏 Біз сіздермен мақтанамыз! 🎉

«Жолда жүру ережесі» байқауындағы жетістігіміз!

Қаңтар айында өткен «Жолда жүру ережесі» байқауында біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері ерекше белсенділік танытты. Байқаудың мақсаты – балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйрету, жауапкершілікті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Мектепалды «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болды!

Бұл жеңіс – тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегі мен бүлдіршіндердің ынтасының жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда әлі талай жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр деп сенеміз.

👏 Жарайсыңдар, балалар! Біз сіздермен мақтанамыз! 🚦🎉

 
 

18.03.2022ж.

Елордалық балабақша тәрбиеленушілері арасында «Бестемше» ұлттық ойынынан жарыс өтті.

No61 «Шолпан» балабақшасында 1-ші қалалық «Бестемше» зияткерлік ұлттық ойыны сайысы өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

I городской конкурс интеллектуальной национальной игры «Бестемше» провели в детском саду № 61 «Шолпан», передает Elorda.info

Прокрутить вверх