Сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар оның жарқын дәлелі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.
Мемлекетімізбен сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жою мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру, сондай-ақ «Естуші мемлекет» қағидасын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.
Сыбайлас жемқорлық — терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне аса маңызды қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерін алу үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты болдырмауға арналған.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаған жағдайда қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкiл қоғамның iсi.
Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк қарым-қатынас әр қазақстандықтың азаматтық көзқарасына, ал адалдық және ақшаға сатылмау — мiнез-құлық нормасына айналуы тиiс.
Бұл кеселге қарсы тұру — елдің әрбір азаматының міндеті!
Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы мобильді телефоннан немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет.