1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда тойланады. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті. Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу. Бұл мереке 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді. Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды. Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлалады, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б. Previous Next
2024-2025 оқу жылына топтарды толықтыру кестесі
2024-2025 оқу жылына Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды толықтыру кестесі
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Telegram t.me/aqorda_resmi
Педагогикалық тәжірибе алаңы жобасының кезекті шығарылымы
ДОСТАР!#ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ жобасының кезекті шығарылымына шақырамыз.Бүгін біз мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда ши тоқу өнерінің маңызы туралы әңгімелесеміз. Қозғалатын мәселелер:— Мектепке дейінгі жастағы баланың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамытуда «Ши» тоқу жолдарын— «Ши тоқу» өнерін ерте жастан қалай баулу керектігін— «Ши тоқу» өнері арқылы ата-аналармен өзара байланысты арттырудағы рөлін Спикерлер:Нурмаганбетова Айман Нурсеитқызы — Астана қаласы әкімдігінің №75 «Балалық шақ» балабақшасының меңгерушісіСарсебаева Жанерке Абылайханқызы — Астана қаласы әкімдігінің №44 «Үркер» балабақшасының меңгерушісі 28 қазан 2022 жыл 14:00 https://www.youtube.com/watch?v=mfG7-sGUNFQ&t=1s&ab_channel=%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%D3%98%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B
Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл
Бүгін 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Биылғы жыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, республика көлемінде аталып өтілетін болады. Сегодня, 5 сентября, день рождения Байтурсынова Ахмета. В этом году по случаю 150-летия со дня рождения Ахмета Байтурсынова будут отмечать праздник по всей Республике Казахстан.
Тәуелсіздік 30-жылдық мерей тойына тарту. «Ірге ши»
Астана қаласы әкімдігінің МКҚК №44 «Үркер» балабақшасы Идея авторы – инновация әдіскері: Багдал Майгүл Қолдаушы – балабақша меңгерушісі: Сарсебаева Жанерке Абылайхановна Жұмысты ұйымдастырушы – әдіскер: Абежанова Алма Алимжановна Қатысушы-тоқушылар: №44 «Үркер» балабақшасының ұжымы, педагогтары, ересек тобы мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары. Жалпы ірге шидің салмағы: 15-кг Ұзындығы: 10м, 50см Тоқылған уақыты: бір ай Иә, бүгін міне 2021 жылдың қазан айының 11-і дүйсенбі жұмыс күні өте сәтті басталды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өшкеніміз өсіп, ескіміз жаңарып, жоғалғанымыз табылып, тәуелсіздіктің 30-жылдық мерей тойына дайындық басталып та кетті. Алға қойған мақсат үлкен тәуелсіз еліміздің жетістігі жетерлік. 1991- жылы еліміз Егемендігін алып ел іргесін бекітті. — Ірге демекші бала кезімізде әжелеріміз: Іргеден кірген жел жаман , Іргеден келген жау жаман – деп киіз үйдің іргесіне ірге ши құрушы еді. Ірге ши дегеніміз – киіз үйдің сыртындағы төменгі бөлігінде тұратын шиден тоқылған биіктігі жарты метр, ұзындығы әр түрлі болатын ұлттық үй жиһазы. Ірге шиге неге тоқталып отырмыз. Мағынасы тереңде жатқан ірге шидің бүгінде қолданыстан шығып ұмыт болғаны. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында ескіні жаңартып жаңа заман талабына сай жасап келешек ұрпаққа өзінің тарихымен, салт дәстүрін, қол өнерін жалғастыру. Қазақ халқының әрбір қол өнерінде терең сыр бар. Соның бірі ши тоқу өнері. Ши негізінен бірнеше түрге бөлінеді ақ ши, шым ши, ораулы ши және ірге ши. Бұл шилердің әр қайсының жасалу әдіс тәсілдері мен қызметі әр түрлі болады. Бүгінде ши тоқу өнерін мектептерде сирек кездестіріп жүрміз. Ал, балабақашада ши тоқу өнерін мүлдем қолданбайды деуге болады. 2019- жылдан бастап №44 «Үркер» балабақшасында ши тоқу өнері қолға алынып педагогтар арасында, «Шебер сынып» өткізіліп ши тоқу, ши орау әдіс тәсілдерімен толық таныстырылды. Мәселен, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында педагогтарымыз «Аң стилі», «Алтын адам», «Қазақстан қызғалдақ пен алманың отаны», «Атқа міну мәдениеті», т.б. тақырып бойынша шиге бейне салып орап тоқып шығарды. Ал, 2020 жылы мектепалды даярлық тобында ши тоқу, ши орау, шиге сурет салу жұмыстары өте жақсы нәтиже көрсетті. Ши тоқу мен ораудың пайдасы. Ши ораудың пайдасы кез келген адамның ой санасын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. Барлық адами құндылықты бойына сіңіріп, мінез құлқына әсер етеді. Адамды сабырлы салмақты, ақылды, мейірімді болуға тәрбиелейді. Ептілікке, әдемілікке, еңбекқорлыққа баули отырып, қол саусақ моторикасын жетілдіреді. Сонымен қатар, туған жердің табиғатымен танысып қол өнерге деген қызығушылығын оятады. Тіпті ши орап отырған түрлі қызықты әңгімелер, ертегілер мен әндер де айтылып адамның есте сақтау қабілеті, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Шиге салынған бояуы арқылы адамның көзі сұлулыққа әдемілікке бейімделеді. Осындай керемет қасиеттерді бойға сіңіретін қазақ қалхының қол өнері «Ши тоқу» өнерін бұдан әрі жалғастырып ұрпаққа жеткізу бүгінгі күні бізге аманат іспеттес. Ата-бабамыздан қалған қасиетті қара шаңырақтың әрбір бөлшегі нағыз өнер туындысы, тарихи сыры терең таусылмас қазынамыз болып есептеледі. Ел тәулсіздігінің 30-жылдық мерей тойына орай жүрегі қазақ деп соғатын әр бір азамат пен азаматша өз үлесін қосуда. №44 «Үркер» балабақшасы да қалыс қалмай Ел іргесінің бүтін, елдің бірлік-берекесінің берік болуын тілеп ірге ши тоқыды. Тәуелсіз Қазақстан 30 жылда қандай жетістіктерге жеткенін бейнелей отырып шиге орап тоқыды. Ши тоқу барысында әр тал шиге бір тамшы тер төгіп жұмыс жасаған адамдардың жұмыс кезеңіндегі іс-әрекеттері өте керемет, бірі ішкі жан дүниесін сыртқа шығарып сырын айтса, екінші бірі әдемі әуенге салып ән салды, енді бірі түрлі қызықты бастан кешкен оқиғаларын айтып мәре-сәре боп жатты. Осындайда қайран ақ жаулықты аналарымыз-ай нағыз психолог болған екен ғой деген ой туады. Бүгінде өзге ғалымдарды зерттеп солардың іс-әрекетін өзімізге негіздейміз деп әуре боламыз. Қазақ халқының қол өнері тұнып тұрған Мария Монтессори, арт терапия. 30-ЖЫЛДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ Багдал Майгүл Құтты болсын тәуелсіздік мерекесіКетпесін еліміздің берекесі.Берік болсын әрқашан ел іргесі,Кең болып мәңгілікке керегесі. Сөзімді мен бастайын,Жырдан шашу шашайын.Бабалар мәңгі бақи арман еткен,Өздерін талай батыр құрбан еткен. 70-жыл Одағында орыс болып,Үндемей бәрін дағы жеңіп келдің.Талай асу тауларды басып өттің,91-де Тәуелсіздік тарту еттің. Ғарышқа ұшып Тоқтардай азаматың,Әлемге танылды қазақ атың.Көк туың көкте желбіреп,Мерейің тасып көркейіп. Ата заңым қабылданды айбатты,Төл теңгеміз келіп төрлетті.Қазақстан ядродан бас тартты.Табиғаттың тынысында жақсартты! Беске келдің бестігі боп Шанхайдың,Басқа елмен де қарым-қатынас жасадың.Алматыдан Ақмолаға көш бастап,Ел ордасын Астана қылып өзгерттің,Бірлігі артып елімнің ,Тарихын зерттеп халқының.Рухани жаңғыруға бет алдық,Өнер мен мәдениетті қолдадық. Шақырып Иоаан Павел Рим папасын да,Есілдің әсем жағасында.Бас қосып дүние жүзі қазақтары,Киелі Түркістан қаласында! Алыстан көрінеді Бәйтерегі,Жайқалып жағасында көк желегі.Жарқырап көрінген де Хан шатыры,Адамға алыстан-ақ күш береді. Алты құрлық атыңды біліп алды,Жастары шар тараптан білім алды.Осылай Қазақстан өсіп жатты,Мерейі еліміздің тасып жатты! БҰҰ-на мүше болдық,19-да үйде отырып құса болдық.Әлемді жайлап вирусың,Тарылды адамзат тынысың. Жақсылығы Алланың көп екен ғой,Бұлт астынан шығатын күн екен ғой.Үйде отырып ата-ана, бала-шаға,Мейірімділік танытты отбасына. Онлайн, офлайн сөздер ендіЗаманымыз цифырлы боп көп өзгерді.Қазақстан цифырлыққа бет бұрды,Естігенді міне тағы көз көрді. Қазақ елі дархан жүрек кең ел ғой,Бәрін дағы бірлікпенен жеңді ғой.Еңселі егеменді елдің жастары,Еріктілер игі істерді бастады. Алты қанат ақ ордамыз шайқалмасын,Елімізде еш жамандық байқалмасын.30 жас орда бұзар құтты болып,Қыран құстай көк аспанда қалықтасын! Сілтеме: https://bilimainasy.kz/21-20-12-02/
Еңбектің соңы жақсылыққа жетелейді
«Ана тілі бала тілі» болу керек деген ақын сөзінде жатқан шындық ұлт болашағы –оның ана тілінде дегенді меңзегені болса керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып ұлттық тәрбиемен сусындаса ұстаз үмітінің ақталғаны.16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Бұл күн ұлттық мереке. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сіңіруде маңызды рөл атқаратын айтулы күн. Міне, осындай бағыттағы игі шараның бірі 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы № 44 «Үркер» балабақшасында өтті. Әр шәкіртін Отансүйгіштікке баулып, өнегелікке үйретіп, белсенділікке ұмтылдырып, патриоттық рухты көтерер жырлар, қанатты сөздермен шыңдай білген ұжымның жұп-жұмыр ешбір үзіліссіз дайындалған концерттік бағдарламасы керемет шықты. Қазақтың ақжаулықты аналарының арманы орындалып, Егемен елдің ақ таңын сүйінші сұрай айқайлаған қазақ баласының аузынан естіген қандай ғажап!Осындай қойылымынан бастаған ертеңгіліктің тақырыбы «Тұғыры биік Тәуелсіздік» деп аталған.Мектепалды даярлық топтарының 75 ке жуық тәрбиеленушілерін қамтыған шараға ұжымдағы әр педагог үлес қосқан. Бір жұдырықтай болып жұмылған ұжымның қос әдіскері басшы, меңгерушісі Сарсебаева Жанерке Абылайханқызы қолдаушы бола білді.Видео слайд арқыл Тәуелсіздіктің әржылдағы жетістіктерін көрсетіп отырған шараны мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері Әділхан Ақәділ мен Бақытжан Айғаным еш мүдіріссіз жүргізді. Ойын анық қатесіз жеткізген қос бүлдіршіннің тіл тазалығына қарап сүйсінесің!«Балдәурен» тобының би шашуымен жалғасып, көрерменге қазақы салт-дәстүрмен шашу шашты.Үлкен залға бейнекамерасымен шыққан Каппасов Алан мен болашақ тілші Рамазан Дария достарынан Тәуелсіз елге жырдан тарту сұрады. «Балдырған», «Балдәурен», «Тоты» мектепалды даярлық топтарымен «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері екі тілде еркін самғады. Әр сөзді нақты әрі дұрыс айта білген қазақтың ұл-қыздарына қарап марқаясың….Әр педагог тіл маманы болмаса да балаға жыр жаттатарда дәл осы «Үркердің» ұстаздарындай ұстамды болса қазақтың ана тілі өз мәнін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғасар еді. Балаға көп үйреткенде емес аз болсада тазалықпен жеткізер сөз салғанға не жетсін. Елбасының бүгінгі Президентіміздің есімін, Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа білетін бал тілдерінен айналдық.Көк туды тәрбиешісі көтере шыққан «Тоты» тобының биі адамға рух сыйлар тамаша қойылым болды. Шынымен де мәдениет дегеніміз елдің рухани байлығы, асыл мұрасы. Ертеңгілікте мектепалды даярлық топтарының жетекшісі Кульмаганбетова Жанар ақын Өмірбек Бекмұраттың «Үркер» балабақшасына арнап жазған өлеңін мәнеріне келтіре оқып, «Үркер жұлдыздарының» өнерімен жалғауы ұтымды тұсы болды.Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына береке бірліктің жемісі ата-ана, бала мен тәрбиеші қолы тиген салмағы 15 келі, ұзындығы 10.5 метр болатын бір айға жуық тоқылған әр жылдың өрнегі бар «ірге шиды» «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасына» сыйға тартты. Қазақтың ұлттық киіз үй жиһазы саналар өнер туындысын аталмыш кітапхананың ғылыми қызметкері Саягүл Құрбанқызы қабылдап алып балабақша меңгерушісімен осы өнер туындысының идея авторы балабақшаның инновация әдіскері Багдал Майгүлге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының»директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболаттың Алғыс хатын, өнер көрсеткен әр тәрбиеленушіге арнайы сыйлықтар табыс етілді.Тәуелсіз Қазақстанның талай бұралаң жолдардан өтіп, биік белестерді бағындыруында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Ұлы тұлғаның атындағы кітапханаға осындай сый жасау «Үркер» балабақшасының айтулы мерекеге қосқан елеулі үлесі болды.Барлық іске береке-бірлік пен табандылық арқылы жетуге болатынын дәлелдей білген ұжымның әдіскері Абежанова Алма, педагогтар Кусаинова Марал, Орынбекова Мадина , Мусатаева Талмагүл, музыка жетекшісі Байнукенова Мейрамгүл, Сагынбекова Гүлзада, сахналық қойылымда өнер көрсеткен Кусаинова Базар, Казбекова Назира, Отызбекова Айнұр, Айтмагамбетова Гүлжан нағыз талант иелері.Оған дәлел Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Майра Сәрсеханқызымен қаладағы барлық балабақша меңгерушілері атынан сөз алған №77 «Қошақан » балабақшасының меңгерушісі Назгүл Гадылханқызының сөзі дәлел. Қонақтар айтулы мерекемен ұжымды құттықтап, жас болсада өз ісіне жетік балабақша меңгерушісі Жанерке Абылайханқызына сәттілік тіледі.2010 жылдан бастап «Үркер» атымен жұмыс жасап келе жатқан білім ордасының әр іске жауапкершілікпен қарай білетін педагогикалық ұжымы өздері айтқандай шын мәнінде ғұмырын балаларға арнаған бақытты жандар! Ұстаз бала алдындағы күнін жұмыс уақытым деп емес, шынайы сүйіспеншілікпен кіршіксіз бала көңілі сенімділікпен қарайтын, адалдықтың бейнесі болардай жанашыр жан ретінде өткізсе ұстазбен шәкірт арасындағы шын құрметке ұласа бермек.«Үркерде» өткізген аз уақыт маған осы құрметті көрсеткендей болды. Жүйелі жұмыс, бірлесе атқарған еңбек әрқашан жемісін берерін ұмытпайық! Алдағы күні де ұжымның береке бірлігі арта түсеріне сеніміміз мол! Әлия Ғалымбекқызы,Білім айнасы Ссылка: https://bilimainasy.kz/21-20-12-01/