Заңсыз ақша жинауға тиым салу туралы БҰЙРЫҚ
«Сыбайлас жемкорлықтың алдын алу» іс-шара ЖОСПАРЫ
«Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл» такырыбында ұйымдастырылған жиналыстың ХАТТАМАСЫ

Анықтама

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай №44 «Үркер» балабақшасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілді.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:  1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде ата-аналар мен педагогтар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр педагог білуі тиіс:

— Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері

Ата-аналардан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы бұйрығы және балабақшаның арнайы бұрыш жасалды.

Балабақшаның 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында педагогтар мен ата-аналарға арналған ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде ата-аналар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында балабақша әкімшілігі және балабақша ата-аналар комитеті қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Балабақша меңгерушісі педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.

«Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу. Әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Педагоктар «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.

«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта ата-аналарға тәрбие сағаттары өткізілді.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында мектепалды топтар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 80 ата-ана қатысып, ой бөлісті.

Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында педагогтар үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.