№44 «Үркер» балабақшасы

Астана қаласы әкімдігінің №44 «Үркер» балабақшасы МКҚК 

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

Құрметті қала тұрғындары!

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызметі birge.astana.kz. порталы арқылы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап портал қолжетімді және өтінімдер қарау үшін қабылдануда.

Уважаемые жители города!

С 1 января 2024 года государственная услуга «Обследование и оказание психолого-медико-педагогической консультативной помощи детям с ограниченными возможностями» будет оказана через портал birge.astana.kz. Между тем, портал доступен с 1 декабря 2023 года и принимает заявления для рассмотрения.

«ҮЙДЕГІ БАЛАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІ» КОНСУЛЬТАТИВТІ ПУНКТЕГІ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

Біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі – өміршең, дені сау өскелең ұрпақты қалыптастыру.

Баланың денсаулығын қалыптастыратын факторлардың бірі – қозғалыс белсенділігі. Бұл нәресте ояу кезінде жасайтын қозғалыстардың мөлшері ретінде анықталады. Қозғалыс белсенділігінің мазмұны әртүрлі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру болып табылады.

Бүгінгі балалардың көпшілігі күнінің көп бөлігін интернетте, компьютерлермен және смартфондармен өткізеді. Ұйқы мен демалу режимі, көру және қалып бұзылады, қозғалыс белсенділігі дерлік жоқ. Көптеген ата-аналар балаларды ауылдардағы туыстарына, жазғы мектеп жанындағы және қала маңындағы лагерьлерге демалуға, әртүрлі үйірмелер мен секцияларға беруге немесе балалармен бірге саяжайға баруға тырысады. Сонымен қатар, үйде балалармен бірлескен белсенді ойындар, табиғатқа серуендеу, таңертеңгі жүгіруді ұйымдастырады.

Қозғалыс – өсіп келе жатқан ағзаның биологиялық қажеттілігі. Олар дененің барлық жүйелерінің дамуына ықпал етеді, әсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, тірек-қимыл аппараты, жүйке, метаболизмді жақсартады. Бала қозғалыстардың әсерінен эмоционалды, ерікті, танымдық саланы дамытады.

Бала күні бойы қанша қозғалуы керек, оның қозғалысының қарқындылығы қандай? Мамандардың зерттеулері көрсеткендей, қозғалыс көлемі, қарқындылығы бірқатар факторларға: баланың жасына, жынысына, тәулік уақытына, жыл мезгіліне, балалардың жеке ерекшеліктеріне, бала өсетін жағдайларға байланысты. 2-3 жастағы балалар күніне шамамен 2,5-3 км, ал 6-7 жастағы балалар бұл уақытта екі-үш есе көп еңсереді.

Ең үлкен қозғалыс белсенділігі күннің бірінші жартысында сағат 9-дан 12-ге дейін, ал екінші жартысында сағат 17-ден 19-ға дейін көрінеді. Мұғалімдер мен ата-аналар мұны ескеріп, дәл осы сағаттарда қозғалыс белсенділігі үшін жағдай жасауы керек.
Баланың қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастырған кезде, тәбеті жақсы, ұйқысы, теңдестірілген мінез-құлқы, ересектермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынаста болады.

Дені сау балалар – біздің болашағымыз. Қазірден балалардың денсаулығының мықты іргетасын қалауға тырысайық.

 

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЕРТЕГІНІҢ РӨЛІ»

Білім беру талаптарына сәйкес балдырғандарға мемлекеттік тілді  меңгерту қазіргі заманға сай білім мен тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру-педагогтар еншісінде. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ертегілердің алар орны ерекше.  Қазақ  ертегілері  — әлеуметтік,  рухани – адамгершілік,  эстетикалық  тәрбиенің  қайнар  көзі.  Балалардың  сөйлеу  мүмкіншіліктерінің  даму  барысында  қазақ  ертегілерінің  оқыту  мен  тәлім — тәрбие  берудегі  рөлі  күннен  күнге  арта  түсуде.  

Ертегілер ауыз  әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен.Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең  түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте  басталулары ұқсас:«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің…..болыпты »

немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады.Ертегі соңы «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.Бұл балалардың қандай жағдайдың да жақсылықпен аяқталатынына  деген сенімдерін молайта түседі.

Ертегілер мынандай  жанрларға бөлінеді:

 1.Қиял-ғажайып ертегілер. Бұл ертегілерге батыр адамдардың басынан кешкен  сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Ер Төстік», «Алтын балық», «Алтын сақа» т.б.

2.Хайуанаттар туралы ертегілер. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан.Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм қиянатшыл, арам,қу мінез қылықтары әшкереленеді.Еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

3.Шыншыл ертегілер.Бұл ертегіде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан  бейнеленеді. Атқамінерлердің іс-әрекеттері әшкерленеді.

4.Тұрмыс-салт ертегілер.Бұл ертегіде өмірде болып жатырған оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Алдар көсе мен бай», «Шықбермес Шығай бай» т.б.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді.Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі. Осы орайда біздің жетістіктеріміз  ең  алдымен  ата-аналарды балалармен бірге ертегіні таңдай білуге көмектескендігіміз,ертегілерді рөлдерге бөліп ойнауға арналған құралдарды дайындағанымыз және балабақша өмірінде ата-аналармен біріге отырып балаларға ертегілерден қойылымдардың үнемі жүргізілуі.

 

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ 10 КЕҢЕС

Әр адамға берілетін демалыс уақыты – бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыты. Сол бос уақытты өз игілігімізге қаншалықты дұрыс пайдалып жүрміз?! Сіздерге демалыс күндерін тиімді пайдалану үшін бірер кеңестерімізді ұсынамыз.   

Демалыс күндері де ерте тұрыңыз!

Әрине, бұл сіздің естігіңіз келген кеңес емес екенін жақсы түсінеміз. Алайда, оның пайдасы зор және екі себебі бар: тәніңізді тұрақты күн тәртібіне үйретесіз және таң сәріде ерте тұратын адамның алдында ұзақ күн күтеді. Алдағы демалысты ертерек жоспарлаңыз! Еңбек демалысын алғанда немесе жұмыс күндерінен тыс сенбі, жексенбі күндерінде отбасыңызға демалыс уақытын ұйымдастыру үшін алдымен мынаған назар салыңыз. Әдетте, адамдар демалыс уақытын жоспарлайтын кезде көп уақытын яғни барлық демалысын жоспарлауға арнауы мүмкін. Нағыз демалысқа уақыт тапшы болмас ү шін алдын ала жоспарлап алыңыз.

Кез-келген тосын жағдайға дайын болыңыз!

Егер сіз уақытыңызды үнемдейтін нағыз шебер болсаңыз, бұл кеңесті оқысаңыз да болады. Әйтсе де, қаперіңізде болсын. Сіз балалы-шағалы болсаңыз, таңғы ас дайындауға, балаларыңызды тамақтандырып, киіндіруге көп уақытыңызды жұмсауыңыз әбден мүмкін. Сіз қапа болмаңыз! Бұл жерде ең бастысы – кез-келген жағдайға дайын болу. Мәселен, жаңбыр жауып, жел көтеріліп, күн бұзылса, сізде бәрібір «В» жоспары бар.

Үй жұмысын қайталауды демалысқа есептемеңіз!

Әйелдер қауымы үшін тамақ әзірлейтін, кір жуатын, үй тазалайтын аптаның екі күні де «демалыс уақыты» деп аталуы мүмкін. Бірақ, олай емес. Сонда сіздің жақындарыңызға (туған-туыстарға, балаларға, достарға) арнайтын алтын уақытыңыз қайда қалды?! Бұл демалыс күндері үй шаруасына көңіл аударма деген сөз емес. Тек нағыз демалыс уақытын толықтай тағы да үй тірліктеріне арнап, шаршап қалмаңыз.

Отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз!

Отбасының бірлігінен асқан қандай бақыт бар?! Апта бойы асыға күтіп, кейін ыстық естелікпен еске алу қандай тамаша! Ол үшін алдымен отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз. Ең бастысы, сол дәстүр отбасыңыз үшін,, балаларыңыз үшін ыңғайлы әрі қызықты болуын ескеріңіз. Мәселен, отбасылық кітап оқу күнін енгізіңіз немесе демалыс күнінің соңын отбасыңызбен бірге тәтті тоқашпен шай ішумен толықтырыңыз.

Ол күні ғаламтордан алыстай тұрыңыз!

Оффлайнда болыңыз. Бұл сөздің мағынасы біз айтпасақ та, түсінікті сияқты. Шын мәнінде демалғыңыз келсе, телефоныңызды сөндіріп, әлеуметтік желілерден біраз алыстай түсіңіз. Демалыс күндері ғаламтордан, әлеуметтік желілерден бас тарта тұрыңыз. Яғни, бұл күні қалта телефоныңызға көп көңіл бөлмеңіз. Бәрібір уақытыңызды алады, түрлі қоңыраулар мазалайды, әлеуметтік желі жаңалықтары алаңдатуы мүмкін. Расында қалта телефонына келіп түскен кез келген ақпаратқа назар салуға дайын тұрамыз. Сол үшін демалыс күндері телефоныңызды өшіріп, бір сәт ұмытыңыз. Тыныштықтан медеу табыңыз.

Ұйқымен емес, спортпен дос болыңыз!

Кей адамдар демалысты түске дейін ұйықтау деп ұғынады. Немесе одан әрі түскі ас ішіп, әрі қарай үздіксіз теледидар қарауды да демалысқа жатқызатындары да бар. Ұйқыңыздан оянып, ойыңызды өзгертіңіз. Таңғы таза ауамен серуендеп, спортқа ден қойыңыз. Таңғы жаттығулар жасап, таза ауадан өз керегіңізді алыңыз. Бұлай жасау сіздің денсаулығыңызға, күні бойы сергек болып жүруіңізге көмектеседі. Егер бұрын-соңды спортпен шұғылданбаған болсаңыз, бүгінгі күн бәрін басынан бастайтын күн!

Пайдалы істерді жоспарлай біліңіз!

Сіздің әрбір жасаған ісіңіз өзіңізге жақсы әсерін беруі керек. Мүмкін, сіз көптен бері аулаға ағаш отырғызуды ойлап жүрген боларсыз, мүмкін, үйіңізге жаңа жиһаз сатып алуды көздеген боларсыз. Немесе отбасылық шағын жоспар жасауды қолға алғыңыз келген шығар. Қандай іс жасасаңыз да соңында өзіңіз демалатындай әсер ала біліңіз.

Балаларыңызға демалыс ұйымдастырыңыз!

Балаларға уақыт бөлу де ең жақсы демалыс. Бұл бөлінген уақыт балаға кейінгі өмірінде көп пайдасын тигізеді. Таратып айтар болсақ, бұл баланың өзіне деген сенімін күшейтеді. Мұндай әрекетіңізбен балаңызды бағалап жатқаныңызды білдіресіз. Сөз түйіні мынау: балаңыз сізге қаншалықты жақын болса, нашар әдеттерден де соншалықты алыс болады. Сізбен бірге жүріп өзін қаншалықты қуанышты сезінсе, басқа кездерде де соншалықты қуанышты болады.

Адамдарға жақсылық жасай біліңіз!

Демалыс күндері досыңызға, жақыныңызға тіпті балаларыңызға уақытыңызды арнай біліңіз. Ең болмағанда жарты сағат болса да уақыт табыңыз. Сізбен сырласқысы, ой бөліскісі, пікір алмасқысы келетін болар. Олардың да арман-тілегіне назар салыңыз. Қолыңыздан келгенше қамқорлық танытып, түсіністік танытыңыз. Ең жақын адамыңызды қуантып, жақсылық жасау алдымен өзіңізге жақсы. Оның қуаныштан бал-бұл жанған түрін көріп, өзіңіз де күні бойы қуанып, демалып қаласыз.

Бұл кеңестер сіздің демалыс күндеріңізді пайдалы әрі жақсы өткізуге көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Егер бұл кеңестерді күнеделікті әдетке айналдыра білсеңіз, онда бүгінгі күн – сіздің күніңіз. Әр күннің қадірін біле жүріңіз!