Тәрбиеленушілермен жүргізілетін іс-шаралар
Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу мен тәрбиені көрсету, тәрбие бағытындағы түрлі жобалардың жүзеге асырылу деңгейін көрсету, балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында күні кеше балабақшамызда “Армысың, әз-Наурыз!” атты мерекелік іс-шара ата-аналардың қатысуымен өткізілді.
Мерекелік іс-шара 5 кезеңге бөлінді:
1-кезең: “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген топ пішер”. Ересек топтарының бүлдіршіндері аталары және әкелерімен «қамшы» өріп жарысса, ортаңғы топтарының аналары қыздарымен «тақия» әшекейлеп жарысты.
2-кезең: Мектепалды және ересек топ бүлдіршіндерінің арасында “Бестемше” ұлттық ойынынан жарыс өтті.
3-кезең: Балабақшадағы қосымша үйірме “Көркем гиманастика” қосымша үйірмесінің қыздары би шашуларын тарту етті.
4-кезең: Мектепалды топтарының бүлдіршіндері әкелерімен қазақтың ұлттық «Ханталапай», «асық ату», «ләңгі» тебу ойындарын ойнап жарысты.
5-кезең: Мектепалды топ балалары аналарымен бірге «Ұлттық ойындар» интеллектуалды сайысына қатысты.
Мерекелік іс-шара соңында педагогтарымыз бен бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетіліп, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балабақша меңгерушісі Жанерке Абылайханқызы келіп жеткен Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, қатысқан барлық ата-аналар мен бүлдіршіндерімізді марапаттады.