Біртұтас тәрбие бағдарламасы
№44 «Үркер» балабақшасында «Үлгілі әкелер» сайысы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау және олардың белсенділігін арттыру болды. Сайысқа түрлі топтан әкелер қатысып, өздерінің шығармашылық, спорттық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды. Қатысушылар балаларымен бірге ән айтып, би билеп, түрлі өнер көрсетіп қана қоймай, отбасы жайлы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, спорттық эстафеталар мен шығармашылық тапсырмалар сайыстың шырайын аша түсті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Балабақша ұжымы мұндай шаралар балалар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жылы эмоциялар сыйлайтынын атап өтті.
«Үлгілі әкелер» сайысы – әр отбасының татулығы мен бірлігінің айқын көрінісі болды.