2024 жылдың 5 қарашасында Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» тақырыбында
республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Аталған конференцияға балабақшамыздың меңгерушісі
Сарсебаева Жанерке Абылайхановна
спикер ретінде қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ол «Балабақшадағы ойындар кейсі» атты авторлық ойындар жиынтығын ұсынып,
мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ойын арқылы оқыту тәсілдерінің
тиімділігін таныстырды.