№44 «Үркер» балабақшасы

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

Эксперименттік алаң

БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУЫ МЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласындағы № 44 «Үркер» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері қатысуымен «Балалардың инженерлік ойлауы мен зерттеушілік дағдыларын ойын арқылы дамыту» атты қалалық семинар өтті.
Ең алдымен қатысушылар «Үркер жұлдызы» логикалық ойындар әлеміне шолу жасады. Мұнда балалардың ойлау қабілетін дамытатын түрлі тапсырмалар мен зияткерлік ойын түрлері таныстырылды. Семинар салтанатты түрде балалардың әсем би шашуымен ашылып, жиналған қонақтар олардың өнерін тамашалады.

Балабақша меңгерушісі Сарсебаева Жанерке Абылайхановна семинарды ашып, қонақтарды іс-шара тақырыбымен, мақсатымен таныстырды. А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты педагогика және тарих кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бадел «Балалардың инженерлік ойлауы мен зерттеу қабілетін дамытудың әдістемелік негіздері» жайлы баяндама жасады. Балабақша әдіскері  Камза Гульназ Бакибайқызы «Балабақшада инженерлік ойлау мен зерттеушілік дағдыларды  дамыту жолдары» жөнінде эксперименттік алаң жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ұйымдастырушылық қызметі мен перспективалық жоспарымен таныстырды.
Сонымен қатар, бірнеше бағыт бойынша мазмұнды жобалар ұсынылды:

​•​«Инженерлер мекені» шеберлік сағаты – №44 «Үркер» балабақшасының тәрбиешілері Отызбекова Айнур Мухамедкаримовна, Утегенова Айгерим Омырбековна және Смаилова Жайна Кадылбековнаның жетекшілігімен өтті.

​•​«Бірге жасаймыз» ата-аналар шеберханасы – балалар мен ата-аналар бірлесе жұмыс жасап, шығармашылық жобаларымен бөлісті.

​•​«Көлік зауытына саяхат» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – «Гүлдер» мектепалды тобы тәрбиешілері Сарыбаева Гүлжамал Үскеновна мен Отызбекова Айнур Мухамедкаримовнаның ұйымдастыруымен өтті.

​•​«Ойын арқылы дамимын» көрмесі – тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің бірлескен шығармашылық жұмыс нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара соңында қонақтарға балалардың логикалық ойлауын, кеңістікте бағдарлануын және ұсақ қол моторикасын дамытуға бағытталған «Ойна, ойлан, тап!» логикалық ойындар жинағы табысталып, балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер өзара пікір алмасып, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Прокрутить вверх