№44 «Үркер» балабақшасы

ЖҰМЫС

ДС-ЖМ 7:30 - 18:00

ҚАБЫЛДАУ

ДС-ЖМ | 10:30 - 15:00

«Білім айнасы» 2025 ж. «Білім айнасы» газетінің қосымшасы маусым 2025 ж. №06-(72-1187-журнал)

Қазақстан Республикасы ұстаздарының ашық сабақтар, баяндама, сценарийлер жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитетінде №14080-Г, 30.12.2013 жылы тіркелген.

Ойынмен ойға жетелеген балабақша (www.astana-akshamy.kz)

Ұлттық құндылықтарға негізделген саналы тәрбие Астана қаласының барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі жүргізілуде. Соның бірі – елордада №44 «Үркер» балабақшасындағы сапалы білімді дәріптеген жобалар туралы ерекше айтуға болады.

Балабақшадағы авторлық ойындар

«Үркер» балабақшасында жас жеткіншектерге өзгелерге үлгі бола алатын авторлық ойындар арқылы тәлімді тәрбие беріледі. Бұл жобаның шығуына білім беру ұйымындағы бүлдіршіндердің тілінің кеш шығуы, сөздерді анық айта алмауы және өз ойларын еркін жеткізе алмауына байланысты туындады. Балабақша меңгерушісі Жанерке Сарсебаеваның бастамасымен білікті тәрбиешілер мен педагогтар бірлесе отырып, балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін ойындарды құрастырған «Ең үздік авторлық ойындар» атты байқау ұйымдастырды.

Байқау шарты бойынша ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және білім беру саласының 5 бағытын қамтуы тиіс, сондай-ақ бір авторлық ойын бірнеше ойын түрлерін ойнауға мүмкіндік беруі тиіс. Байқаудың ерекшелігі сонда – тәрбиешілермен құрастырылған ойындардың шартын балабақша әдіскері таныстырады, яғни әр ойынның авторларын тек әдіскер ғана біледі, ал жеңімпаздарды тәрбиешілер мен педагогтар дауыс беру арқылы өздері анықтайды.

Толығырақ 

Прокрутить вверх