№44 «Үркер» балабақшасында балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Шығармашылық орталық кабинеті ашылды. Бұл кабинет авторлық ойындармен және арнайы әзірленген оқу құралдарымен жабдықталған.
Шығармашылық орталықтың басты мақсаты – балалардың ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қиялын дамыту және өзіндік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Кабинетте ұсынылған ойындар мен тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, олардың белсенділігін арттыруға бағытталған.
Орталықта әр бала өзіне ыңғайлы шығармашылық бағытты таңдап, түрлі ойындар арқылы жаңа дағдыларды меңгереді. Мұндай инновациялық ортаның ашылуы мектепке дейінгі мекемелерде білім беру сапасын арттырып, балалардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады.
Балабақша ұжымы бұл бастаманың балалар үшін тиімді болатынына сенімді. Шығармашылық орталық – баланың еркін ойлап, өз ойын жеткізе алатын, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуына негіз болмақ.